Мемлекеттік жане қоғамдық қызметте қалтқысыз еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қомақты үлес қосып келе жатқан ауданымыздағы бірқатар азаматтар марапат төрінен көрінді.
Атап айтқанда, Мәдениет және өнер саласының ардагері Сейдуалы Темірбаев пен «Қоғамдық келісім» мекемесі Сайрам аудандық филиалының маманы Батаев Бахтияр Сейдаханұлы Қазақстан Республикасы Президентінің ЖАРЛЫҒЫНА сәйкес, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Айта кетсек Мемлекет басшысының ерен еңбегі үшін медалі — Қазақстан Республикасының азаматтарын ерекше еңбегі мен қызметі үшін марапаттауға арналған мемлекеттік награда. Бұл медаль мемлекетке, қоғамға немесе халыққа елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Награда беру рәсімі мемлекеттік мерекелер мен маңызды оқиғаларда жүзеге асырылады.
Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысатындарына сенім білдіреміз.