Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай аудан әкімі Нариман Мақұлбеков Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті.Шараға «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет, ауған соғысының ардагері С.Берімбетов, ауған ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.Шара барысында аудан басшысы Нариман Мақұлбеков Ауған еліндегі соғыс біздің тарихымыздағы ешқашан ұмытылмайтын саяси оқиға екендігін атап, қаншама жас боздақтарымыз әскери, әрі интернационалдық борышын өтеп жүріп, ерлікпен қаза тапқандығы, он жылға созылған бұл соғыс ел жұртымызға өте ауыр кезең болғандығын жеткізді. Кездесуде жастық шақтарын сұрапыл соғыс даласында өткізген қаһарман жерлестерге аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Серікбай Берімбетов құттықтау сөз сөйледі.Салтанатты шараның соңы Тағзым алаңында ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарға арналған еске алу митингіне ұласты.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі