Ақпараттық — насихат тобының кездесулері жалғасуда

Ақпараттық - насихат

Сайрам ауданы аумағындағы Қарасу ауыл округінде орналасқан №69 «Бескепе» негізгі орта мектебі, №33 Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі және №68 С.Датұлы атындағы жалпы білім беру мектептері оқушыларының ата-аналарымен кездесулер өтті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы Әліпов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Мамадиярұлы Айтбаев және ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысты.

Мақсаты: Отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылықты, жасөспірімдер арасындағы ойынқұмарлықты, нашақорлықты, вандализм мен ысырапшылдықты қоғамның қабылдамауын қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан өскелең ұрпақты, түрлі этнос жастарын ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту.

Кездесулер барысында аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов ата-аналарға балалардың ұялы телефондары мен әлеуметтік желілерді қолдану, бақылаудың маңызы түсіндіріліп, оларға дұрыс көңіл бөлу керектігі айтылды. Бұл шаралар арқылы ата-аналарға балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты негізгі мәселелер бойынша кеңестер берілді.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.