Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.
Абай атындағы N31 ЖОМ-де 7 сынып ата-аналарымен «Мектеп , ата-ана ,бала арасындағы байланыс » тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді.
Жиналыста ата -аналарды Үштік одак: Мектеп. Оқушы.Мұғалім деп 3 топка бөліп, “Жүректен жүрекке- жылы сөз” тренингі өтіліп, “Бала тәрбиесінде ата- ананың рөлі” деп аталган бейне ролик көрсетілді.
Ата-аналар жиналыстың өзгеше форматта өтілгендігін алға тартып ,өз алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар Қазан айының 14 жұлдызында Абай атындағы N31 жалпы орта мектебіне Түркістан қала прокуратурасының прокуроры Сенкібаев Бақытжан Лесбекұлы келіп , мектебіміздің 9-11 сынып ұл-балаларға «Балалардың құқығын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу » тақырыбында ұлдар жиналысын өтті. Жиналыстың мақсаты жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып тәрбиелеу.