Бала қауіпсіздігі басты назарда

Мектеп оқушыларының  арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 21 қыркүйек күні «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры, ата-аналар комитеті және полиция қызметкері қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. 2022-2023 оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

2. ҰБТ қорытындысы.

3. 2021-2022 оқу жылының қорытынды үлгерім есебі.

«Мектепке жол» акциясы. Білім мекемелерінің жанынан құрылған қамқоршылық кеңесінің ережесі, мектепте атқаратын қызметтері туралы түсіндіру жұмыстары.

4. Білім алушылардың өмір қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар алдын алу.

Мектептің Жарғысы мен ішкі тәртіп ережесімен таныстыру. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» туралы бұйрықпен таныстыру. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға тарту. Мектептің ішкі тәртіп ережесі.

5. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу. Жасөспірімдердің ұялы телефондарына ата-аналық бақылау бағдарламаларын орнату туралы.

6. Құқық бұзушылықтың алдын алу. » Жол ережесі (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүру қауіпсіздігі, темір жол бойында жүру ережелері және олардың зардабын анағұрлым төмендету» жөнінде ескертулер жасау. Діни экстремистік терроризмнің алдын алу.

7. Аутодеструктивті мінез-құлықтың, кибербуллинг және буллингтің алдын алу жұмыстарын ата-аналар арқылы ұйымдастыру.

8. Ерте жүктіліктің алдын алу. Электронды шылымның зияндылығы. Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы.

9. Әр түрлі мәселелер.

Ntime.kz