Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында 26-шы қыркүйек күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде: 1. 2021-2022 оқу жылына сараптама. Жаңа 2022-2023 оқу жылының міндеттері;
2. Бала құқығын қорғау болашағымызды қорғау;
3. Дағдыны қалыптастыру — табысқа жетудің жолы
4. Көркем шығарма оқу сүйікті іске айналама
5. Балаға әлеуметтік қолдау көрсетудегі әлеуметтік қызмет
6. Өзін-өзі тану – өмірді тану мәселелері қаралды.
Жиналыс басында мектеп директоры М.Ш.Божкенов ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен 2021-2022 оқу жылы бойынша білім сапасымен таныстырып өтті. Өз баяндамасында ол бітіруші түлектер туралы да айтып, ата-аналардың назарын экранға аударып жетістіктерімен таныстарды. Жалпы 11 сыныпты 234 оқушы бітірді. Оның 87-і оқушысы грант иелері, 20 оқушы алтын белгі болса, 9 оқушымыз үздік атанды.
«Дағдыны қалыптастыру – табысқа жетудің жолы» баяндамасын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Сыздыкова ата-аналарға, 9 сынып білім алушыларынан алынған сауалнама қорытындысымен таныстырды.
Бала құқығын қорғау болашағымызды қорғау тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есенкабулова Тәттігүл Амангелдіқызы сөз алып тәрбие жайлы жаңашыл енген жобалар, «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ата-аналарға таныстырып, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы мәселелерін айтып өтті.
Мектеп психологтары Базанова Элвира мен Жетпісбай Сымбат мектептегі педагог-психологтардың 5 бағытына тоқталып, психологилық қызмет жұмысының бағыттарын таныстырды. Ата-аналарға бала тәрбиелеудегі, бала дамуындағы психологиясына қатысты тренинг өткізді.