Танымал кинопродюсер әрі актер Рүстем Омаров Шымкент қаласы Полиция департаменті ұйымдастырған киберқауіпсіздік бойынша ауқымды форумда сөз сөйледі.
Полицейлер форум қатысушыларына актердің бейнеүндеуін көрсетті. Жазбада ол желідегі ең кең тараған алаяқтық тәсілдері туралы айтты.
«Соңғы 20 жылда бізге қашан банк қызметкері “шотыңыз бұзылды” деп хабарласқан еді? Ешқашан мұндай болмаған. Бұндаймен тек алаяқтар айналысады. Қанша өмір сүріп келем – банктан маған тек несие төлемеген кезде ғана хабарласқан», – деді Рүстем Омаров.
Ол алаяқтардың креативті болып жатқаны туралы ескертіп, интернетте аса сақ болуға шақырды.
«Алаяқтардың жетегіне ермеңіздер. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана біз тәртіп орнатып, әр азаматтың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз», – деп түйіндеді актер.
Шымкент Қаласының ПД
