Нашақорлықтың алдын алу мақсатында жастар арасында кездесу өтті

Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

         Мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу.

Басқосуға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Нұрлан Сембаев, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог психиатр дәрігері Сәуле Алимбекова, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы самбодан спорт шебері Өскенбаев Аманхан және самбодан спорт шебері Орынбасар Қайсар қатысты.

         Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды. Сонымен қатар, бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Ал спортшы чемпиондар жастарды спортпен айналысуға шақырды. Жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.

                  Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек – деп, жастарды спортпен шұғылдануға шақырды. Ал есірткінің адамның ағзасына тигізер кері әсері жөнінде баяндама жасаған нарколог-дәрігер Сергей Поляков нашақорлық – адамзаттың түбіне жететіндігін айтты. Сөзіне сүйенсек, барлық есірткілер ауруды басатын әсері болғандықтан, есірткі қызметі аяқталған соң адам ауруды тым сезгіш болады. Мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Сондай-ақ, ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді. Есірткінің осындай зияндарын жеткізген нарколог-дәрігер қатысушыларға нашақорлардың арбауына түсіп қалмауын ескертті.