Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады. Бүгін осы тақырыптағы профилактикалық іс-шара N90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 8-11 сынып оқушыларымен өткізілді. Іс-шараға Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПҚ ЮПБ полиция аға лейтенанты Алтынбек Бексұлтан Абайұлымен ДТІЖО Ерман Оңалбеков қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды баяндап, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс шарада оқушылар мамандарға тақырып аясында сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Мұндай басқосулардың жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға септігі мол.
Сонымен қатар осы мектепте кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың, ерте жүктіліктің, зорлық-зомбылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың және нашақорлықтың, панасыз қалудың, діни экстремизм мен терроризмнің, адам саудасының, кибербулингтің алдын алудың 2022-2023 оқу жылына арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сай және «Мектеп парламенті» нің білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы құқық және тәртіп фракциясының жоспары негізінде 22 қыркүйек күні Психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Шаукенбаева Асем Лесбаевна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Оналбековтың қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына ҚР заңнамаларында оқушыларға қойылған міндетін және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғатынын айтып өтті.