Облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды

Қаратөбе ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімідігінің ұйымдастыруымен «Құқықтық қоғам-тұрақтылық айнасы, өсіп-өркендеу кепілі» атты конференция қараша айының 25 күні еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізілді. Іс-шара барысында аудан прокуроры мемлекеттік органдар жүйесіндегі және құқықтық қоғамның орнығуы мен елдегі тұрақтылықты, заңдылықты және құқықтық тәртіптің үстемдік етуі жолындағы прокуратураның рөлі туралы түсіндірді.Конференцияда Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиев, егемен ел болғаннан кейінгі 30 жылда құқықтық қоғам қалыптастырудың маңызы мен қол жеткізген жетістіктерін және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметінің сервистік модельге көшуінің басым бағыттары туралы айтып өтті.Сөз соңында аудан прокуроры Алмас Таспихов бір топ азаматтарға облыс прокурорының алғыс хаттарын табыс етті.

БҚО полиция департаменті