Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған жұмысшы топ мүшелерімен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі, Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы басқармаларының басшылығы мен қызметшілеріне түсіндірме семинарлары өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірмелер берілді. Осы ретте, Департамент өкілі Д.Жанысбек, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Акишев және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілі Ғ.Шарипов мемлекеттік органдарда қашықтықтан және аралас режимді, жұмыстың икемді кестесін енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру сұрақтарына, сондай-ақ еңбек заңнамасын қатаң сақтау, оның ішінде үстеме жұмысқа негізсіз тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметші қызмет орнында, әріптестер арасындағы қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта, жұрт алдында және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлегенде әдептілікті сақтау қажеттігі түсіндіріліп, тәжірибеде мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған сапалы шараларды қабылдау қажеттігі атап өтілді.
ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті