Түркістан облысының Әділет департаментінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жобасы аясында ұйымдастырылған БАҚ-та әділет органдарының қызметі туралы үздік жарияланым конкурсының жеңімпаздарын Департамент басшысы Мұхит Тұрғараев марапаттады.Салтанатты іс-шараның рәсімінде сөз алған Мұхит Бекетұлы барша жиналғандарды ҚР Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, БАҚ-тың мемлекет дамуындағы рөліне қысқаша тоқталып өтті. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Осы орайда еліміздің дамуына Бұқаралық ақпарат құралдарының да қосқан үлесі ерек. Халыққа қызмет – кәсіби ақпаратты дер кезінде жеткізу, мемлекеттік саясатты жеткізу. Әрқайсыңыздың арттарыңызда тұтас ұжым тұр. Сіздер арқылы сол ұжымдарыңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймын», деді М. Тұрғараев.Аталған бәйгеде жүзден жүйрік деп танылған “Ontustic Qazaqstan” газетінің тілшісі Даулет Тұрсынұлына, “Q-content.kz” ақпараттық порталының редакторы Асылбек Түйетаевқа және әділет органдары саласының дамуына ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген “Уақыт талабы” газетінің бас редакторы Жібек Жайлыбаеваға ынталандыру сыйлықтары табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.
Түркістан облысының Әділет департаменті