Жасөспірімдер арасындағы бас араздық сотталуға алып келді​

Қала прокуратурасы бұзақылық ниетпен денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айыппен жасөспірімге Д.Смайлға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдаған.

Түркістан қаласы Ортақ мөлтек ауданында орналасқан №5 бағыттағы маршруттың соңғы аялдамасының маңайында екі топ жасөспірімдер арасында бас араздық туындап, арты төбелеске ұласқан.

Төбелес барысында Д.Смайл автокөліктің артқы жүк салғышынан ағаштан жасалған бейсбол битасын алып, екінші топтың арасында болған бір жасөспірімнің басынан битамен бір рет соққы жасап, денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Түркістан қалалық сотының үкімімен Д.Смайл ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағында көрсетілген қылмысты қасақана жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім күшіне енді.