Бүгін, Түркістан қаласындағы «Яссы» орталық мешітінде саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық қурбандарының рухтарына арнайы құран бағышталған соң,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Республикалық референдум өткізу жөніндегі Түркістан облыстың қоғамдық штабының мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев,Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жаркынбек Құлбайымбетов пен Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Жұмаділлаев қала мешіттерінің имамдарымен кездесу өткізіп, осы жылдың 5 маусымында өтетін Республикалық референдумда қаралатын мәселе — Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы,атап айтқанда,конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып Республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды. Дін қызметкерлері өз тараптарынан еліміздің Ата Заңынаа енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.