28 қазан 2022 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай (онлайн және офлайн форматта) «Қазақстан Республикасы полициясының сервистік моделі: бағыттары мен дамуының алғы шарттары» атты тақырыпта республикалық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға: ҚР ІІМ департамент басшылары, Қазақстан Республикасы ІІМ ведомствалық оқу орындары: Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары және Павлодар, Б. Момышұлы атындағы оқу орталықтарының қызметкерлері;
Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті; Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді және Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктері; Мамандандырылған күзет қызметі басқармалары;
Шымкент қаласының Жоғарғы оқу орындары мен Шымкент қаласы әкімдігі жанынан құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомство аралық топ мүшелері қатысты.
Сонымен бірге, бүгінгі жиында жергілікті ІІО тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердегі полицияның (мамандандырылған күзет қызметі) сервистік моделін, механизмін қалыптастыру; полиция имиджін қалыптастыру бағытында 100 логатипті жасап бекіту және республика көлемінде тарату жөнінде; Қазақстан Республикасы ІІМ 2020 жылғы 13 наурыздағы «Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері» № 211 бұйрығының жүзеге асырылу механизмін талдауға қатысты да сұрақтар қарастырылады.
Қазақстан полициясын реформалаудағы бағыттардың бірі — сервистік модельге көшу болып табылады.
Қазақстан үшін полицияның жаңа моделі халыққа, қоғамға құқық қорғау құрылымдары жазалаушы орган емес, қиын жағдайларда көмек көрсетуші субьект екендігін түсіндіріп, өзара байланысты арттыру болып табылады.
Яғни, полицияның сервистік моделі дегеніміз бұл билік органдарына деген сенімді арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицияны қоғаммен бірлескен қызметі.
Ntime.kz