«Үш тұғырлы тіл — ұлт болашағы!»

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, қасиеті шексіз. Ол әрбір адамның бойына ана сүімен бірге еніп, дариды. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс.

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі.Үш тілді оқыту – заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы орайда Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы 24 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мұғалімдері Кенжеханова Индира мен Дихан Нұрсауле тілдер айлығы аясында 10 сынып оқушылары арасында ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»атты пікір сайыс өткізді.

Мұндай сайыстың мақсаты: Оқушыларының арасында мектептік пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және насихаттау, жас оқырмандардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, қастерлеу, өзін құрметтеу, тіл — біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту.

Мемлекетімізді мығым, болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез — келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Ендеше, тіліміздің мәртебесі биік болып, сол ана тілімізде білім нәрімен сусындайтын шәкірттеріміз биіктерден көріне берсін дейміз!