Астана қаласының аудандық прокуратураларында елордалық инвесторлармен, кәсіпкерлермен, уәкілетті органдармен, «Атамекен» ҰКП кездесулер өтті.
Кездесудің мақсаты – проблемалық мәселелерді талқылау, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында сенімді өзара іс-қимыл орнату және инвестициялық ахуалды жақсарту.
Отырыс қорытындысы бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шешім қабылданып, жеке кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін ауызша түсініктемелер берілді.
Елорда прокуратурасы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, әр бейсенбі сайын сағат 15.00-де кәсіпкерлерді қабылдау өткізетінін естеріңізге саламыз.
Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерді апталық қабылдау кестесі (Б.Момышұлы көшесі, 2/1)
№ | Прокуратураның атауы | Апта сайын бейсенбі күндері сағат 15.00-де |
1. | «Алматы» ауданының прокуратурасы | 16.11.2023ж. |
2. | «Байқоныр» ауданының прокуратурасы | 23.11.2023ж. |
3. | «Есіл» ауданының прокуратурасы | 30.11.2023ж. |
4. | «Нұра» ауданының прокуратурасы | 07.12.2023ж. |
5. | «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы | 14.12.2023ж. |
6. | Астана қаласының прокуратурасы | 21.12.2023ж. |