Енді үй сатып алушылар мен сауда жүргізу үшін жер телімін іздеп жүргендер жергілікті басқармаларға бармай-ақ үйде отырып ғаламтор арқылы Түркістан облысының геопорталындағы деректерге жүгініп, керекті ақпаратын ала алады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының облыс, қала,аудандарда жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жергілікті әкімдіктерге жүктелген. Тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін бос жер телімдері туралы деректердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Президент пен үкіметтің тапсырмасын орындау мақсатында, жергілікті басқарма Түркістан облысының геопорталын жүргізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Электронды үлгідегі бұл қызмет сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың да тиімді шешімі. Әрі барлық жұмыстарды заң аясында ашық жүргізу мақсатында қолға алынып отыр.
Жалпы еліміздегі жергілікті атқарушы органдардың геопорталы арасында, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы 14-ші орында болса, қазіргі таңда 3-ші орынды еншілеп тұр. Айта кетейік, жақында 4 ауданда космомониторинг жүргізген болатын. Нәтижесінде, көлемі 45 мың гектардан астам 3 698 пайдаланылмай жатқан жер учаскесі анықталды.Олардың 1 761 өздігінен басып алынған жерлер болса, 531 мақсатсыз пайдаланылған екен.Заңсыз салынған үйлерде осы жүйе арқылы көрініп тұрады. Сондықтан ол жер телімін сатып алмақ болған кәсіпкер бұл мәліметті біліп текеріп, сосын әрекет етеді. бос шығынға батпайды.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Цифрландыру – бұл сән үрдісін ұстану емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы деп атап өткен болатын. Сондықтан да, қызмет түрлерін қолжетімді ету бүгінгі заман талабы.
Егер, электронды сауда тәжрибесі балмұздақ павильонын не типтік сауда нүктесін саламын десеңіз, электронды өтінімді беру арқылы рұқсатты электронды форматта аласыз. 5 жыл қадағалау болмайды. Өйткені, сіз барлығын заң аясында талаптарға сай электронды түрде рәсімдедіңіз. Сауда да, егерде бір азамат бизнесін ашпақ болса, бұл жерде қандай мүмкіндіктер барын ол геопортал арқылы біледі,- дейді жауаптылар.
Замана көшін ілгері жылжытқан сайын ғылым жылдан жылға дамып, жаңа технологиялар бұқара халыққа қолжетімді бола бастады. Сондықтан, Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы бұл жобалармен шектеліп қалмайтыны анық. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған шаралар өз жалғасын табатын болады.
Ntime.kz