Жамбыл облысының Полиция департаментінде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру бойынша кеңес өтті деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов Жолдаудың негізгі басымдықтарын атап өтті, атап айтқанда, бес негізгі бастаманы белгіледі: ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру, еңбекақы төлеу қорын арттыру, 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін бюджет саласы қызметкерлерінің бірқатар санаттарының жалақысын жыл сайын 20% — ға арттыру, кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеткіліктілік шегінен жоғары «Отбасы банк» шотына аударуға рұқсат беру.
Президенттің қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу және полицияның сервистік моделін енгізу жөніндегі тапсырмасына Жанат Сүлейменов ерекше назар аударды.
Үш буынды модельді енгізу қылмыстық процеске қатысушыларды қорғауға бағытталған. Сондай-ақ ішкі істер органдары бірқатар бейінді емес функциялардан босатылған. Учаскелік инспекторлардың мәртебесі артты.
Сондай-ақ Жамбыл облысында Президенттің тапсырмасы бойынша полицияның сервистік моделі табысты енгізілуде.