Бүгінгі таңда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау тақырыбы өте маңызды әрі өзекті болып тұр деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі Баспасөз орталығы.
Жасөспірімдер арасындағы өлім жағдайы мен суицид тақырыптарына ерекше назар аударылып, олардың орын алу себептері талқыланды. Осыған қатысты балалардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін жиі кездесуде. Өкінішке орай, оның көбі бала өлімімен аяқталады. Суицидтік белсенділік 14-15 жастан бастап жасөспірімдер арасында күрт артып және 16-19 жас аралығында барынша жиі орын алады.
Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы нәтижесінде облыс бойынша суицид жағдайларының 42,8%-ға (жетіден төртке дейін) төмендеуі тіркелді. Олардың ішінде орын алған деректер – нөл (2020 жылдың төрт айында – бес), әрекет ету дерегі – бес (2020 жылдың төрт айында – екі).
Анықтама: 2021 жылдың сәуір айында орта білім беру мекемелерінде үш қыз бен бір ұл бала суицид жасап, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған.
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауын азайту және оған жол бермеу мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау басқармасымен, үкіметтік емес ұйымдармен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп, жыл басынан бері 272 алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның ішінде 204 дәріс пен түсіндіру жұмыстары, 26 дөңгелек үстел, 26 акция және 16 спорттық іс-шара өткізілді.
Суицидтің алдын алу мәселесінде балалардың заңды өкілдеріне басты назар аударылады. Әңгіме барысында тәртіп сақшылары ата-аналар үшін бірнеше негізгі қағидаларды анықтады: 1. Баламен сенімді түрде сөйлесу: балалардың физикалық және психологиялық жағдайы туралы мәселелер, болашаққа құрған жоспарлар және әңгімелер жағымды сипатта болуы керек. Балаға оптимистік көңіл-күйді “шабыттандыру”, сенімділікті ояту, өз мақсаттарына қол жеткізе алатындығын көрсету қажет. Баланы сәтсіздікке бола кінәлауға болмайды. Балаға оның жеке басының басымдықтарын табуға көмектесу керек. Оны басқа жолы болғыш, табысты және ақкөңіл адамдармен салыстырмаңыз. Бұл салыстырулар жасөспірімнің өзін-өзі төмен бағалауын күшейтеді. 2. Ата-аналар балалармен мүмкіндігінше жақын болуға тырысуы керек: бірлескен жұмыстармен айналысу, күнделікті өмірге әртүрлілік қосу, демалыс күндері қызықты экскурсияларға бару, үйдегі жұмыстарды орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, кинотеатрға, көрмелерге бару. Үй жануарларын асырау, оларға қамқорлық көрсету бала психологиясына оң әсерін береді. 3. Ата-аналар жасөспірімнің бос уақытына және күн тәртібін сақтауға назар аударуы қажет. Оның жақсы ұйықтайтынына, дұрыс тамақтанғанына, таза ауада жеткілікті уақыт болуына, мобильді спорт түрлерімен немесе қызығушылық секцияларымен айналысқанына көз жеткізу керек. 4. Егер ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер өз баласының суицидтік мінез-құлыққа бейімділігін сезген жағдайда, дереу психолог-маманнан, психиатрдан кеңес алуы қажет.
– Ата-аналарды өздерінің кәмелетке толмаған балаларының тұрмысы мен демалысына қызығушылық танытуға, өз балаларының суицидке бейімділігі белгілерін дер кезінде анықтауға және оларды тәрбиелеу мәселелерінде немқұрайлылыққа жол бермеуге шақырамыз, – деді полиция қызметкерлері.