Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медициналық колледж жастарының қатысуымен «Құқықтық сауаттылықты арттыру” және “Лудомания — қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты — жастар арасында лудоманияның зиянды салдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды.
Кездесуге Шымкент қаласының полиция департаментінің Киберпол бөлімінің аға тергеушісі, полиция капитаны Бақтияров Бақдаулет Мадиярович, Киберпол бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Кулбаев Жанарыс Жандосұлы және Жастар ресурстық орталығының психолог маманы, психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу бөлімінің маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысты.
Кездесу барысында мамандар лудоманияның қоғамға тигізетін зияны, жастардың құмар ойындарға тәуелділік мәселелері және олардың құқықтық сауаты туралы кең көлемде әңгіме өрбітті. Жастарға психологиялық көмек көрсету жолдары, күйзеліспен күресу тәсілдері және жас отбасыларға арналған кеңестер ұсынылды.
Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Техникалық колледж студенттерінің қатысуымен «Лудомания – қоғам дерті» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында лудоманияның зиянды әсерін түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Семинар-тренингке Жастар ресурстық орталығының психологиялық көмек көрсету, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысты. Ол қатысушыларға лудоманияның психологиялық әсері мен оны тудыратын себептер туралы түсінік беріп, бұл дерттің салдарын алдын алу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, күйзелісті жеңу және өз өміріне жауапкершілікпен қарау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Шара барысында оқушылар лудоманияның қауіптілігі туралы сұрақтар қойып, маманмен ашық пікір алмасты. Кездесу соңында қатысушылар өзара тәжірибе бөлісіп, өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша пайдалы ақпарат алды.