Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруды басты назарға алды. Осы бағытта құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүмкін еместігін айтты. Сондай-ақ, бұған дейін аталған мәселенің шығу себебі мен жағдайларына ешкім үңілмегенін, пара алушыларды қылмыс үстінде ұстап, түрмеге тоғытумен ғана шектелгенін жеткізді. Президентіміз қоғамды пара алушылардан тазарту үшін жемқорлыққа жеткізетін жағдайлар мен оның түпкі себептерін анықтауды тапсырды. Осы тұста жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылып келеді.
Шымкент Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасының «А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы» МКК қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі қатысып жемқорлықтың алдын алудағы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс- шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру, қызметкерлер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.