Серпінді сенбілік өтті

«World cleanup Day» — «Дүниежүзілік тазалық күні» дәстүрлі ауқымды акциясына Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының ұжымы да белсенді атсалысты. Сенбіліктің мақсаты- қаланың шырайын әрлендірумен қатар үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру.Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру және жасыл желектерді отырғызу жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қызметкерлер Абай даңғылындағы А. Асқаров көшесінен Ю. Гагарин көшесі аралығында жол бойындағы жасыл аймақты, тротуарларды, ирригация жүйелерін сынған бұтақтардан және қоқыстардан тазартты.Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталып, қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.Ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.

Шымкент Тұрғын үй басқармасы