Жетісай АПБ бастығының төрағалығымен аудандық полиция бөлімінің тергеу және анықтау саласының 2021 жылдың 7 айы көлемінде атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру жедел кеңесі өткізілді деп хабарлайды ТО ПД-ның баспасөз қызметі. Жедел кеңесте 7 айдың қорытындысы бойынша тергеушілер мен анықтаушылардың жұмыстарына жақсы баға беріліп, қылмыстық істердің сапалы тергелуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты қатаң бақылауға алып, одан әрі жандандыруға талап қойылды.Атап айтар болсақ, жалпы тергеу және анықтау саласының өндірісінде жыл басынан бері 550-ден астам іс болып, оның 483-іне қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде, 323 қылмыстық өндірістен аяқталып, 177 қылмыстық іс сотқа жолданған. Жетісай АПБ-нің тергеушілері мен анықтаушыларының қылмыстық істердің сапалығы мен жан-жақтылығын, объективтілігін қамтамасыз етуі нәтижесінде, сот органдарынан және прокуратурадан қылмыстық істер қайта тергеуге қайтарылмаған. Ал облыс көлеміндегі барлық полицейлер, оның ішінде қылмыстың ақ-қарасын ажыратып, кінәліні анықтайтын анықтаушылар мен тергеушілер ҚР ІІМ талабына сай болуы тиіс. Бұл ретте олар үшін барлық жағдай жасалуда. Полицейлерден талап етілетіні өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып, қызметіне әрқашан адал болуы. Бұл бағыттағы жұмыстар жетісайлық полицейлердің күн тәртібінен түскен емес.