Келес ауданындағы Жүзімдік елді мекенінде 300 орынды мектеп қолданысқа берілді. Мектептің ашылу салтанатына аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы қатысып, көпшіліктің қуанышымен бөлісті.
Жаңадан ашылған «Толағай» орта мектебінде 18 мұғалім, 6 қызметкер жұмыспен қамтылған. Мектептің жалпы құрылысына 300 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Мектепте балалар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан басына қаржыландыру бойынша оқытылады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі