Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі қарсаңында, Келес ауданының полицейлері мерекелік жиын ұйымдастырды. Мұнда тәртіп сақшылары күнделікті қызметтік нысандағы формасын шешіп, қазақы нақыштағы оюлы шапан, ал шенді арулар бүрмелі көйлек киіп, ақ дастархан басында қауышты.
Іс-шараға ардагер полицейлер шақыртылып, аға буынға арнайы құрмет көрсетілді. Сондай-ақ мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін ұсынды.
Осылайша барша дүние жаңарып жатқан Көктем мерекесі аясында, ізгі тілектер айтылды