Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Жиынды Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұхарбай Нұрғазы Бақтыбайұлы жүргізіп отырды.Күн тәртібінде «Көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу» бойынша ақпараттар, мемлекеттік органның2021 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы және нәтижесі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар бойынша ақпараты тыңдалды.Баяндамашылар:Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетініңШымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Жүзенов Бахтияр Абайұлы;Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жолдасов Ержан Жақсылықұлы;Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Адилханов Бексұлтан Ержанұлы;Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы;Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нарбекова Балмаржан Полатқызы;ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға офицері Әсілбек Сәбит Асетұлы.Кеңесте қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың баяндамасынан соң, басқарма басшысына жасанды кептелістің алдын алу бойынша ұсынысымды жеткіздім.Қалада өмір сүрген жақсы, егер кептелістері болмаса. Бүгінгі таңда қаламызда осы мәселеге де аса көңіл бөлініп жатыр. Жолдар жөнделуде, жөндеу сапасы да жақсы. Қала жолдарындағы кептелістерді зерделеп, көшелерді кеңейтіп жатыр, айналмалар да соғылып жатыр. Дегенмен, назардан тыс қалып кеткен бір жай бар. Ол – жасанды кептеліс мәселесі.Олардың бірі қала көшелерін жөндеушілер, көгалдандырушылар болса, енді бірі жарнамашылар. Бұлар таңертең, түсте, кешке жұмысқа тура қаладағы қарбалас сәтте «жағаласып»шығып алып, онсыз да кептеліс болып жатқан жерде жолдың бір жолағын жауып тастап, асықпай жұмыс жасап жатады.Ал, абаттандырушылар мен көгертушілер су суғарып, тал кесіп жатады. Оларға қосылып жарнамаларшылар да жолды жауып қойып баннерлерін іліп жатады.Осы жұмыстарды көлік қарбаласы кезінен басқа уақытта жасаса деген ұсынысымды айттым. Кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. Ұсыныс хаттамаға енгізілді.Сондай-ақ, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Бауыржан Қалжанов өз баяндамасында 2021 жылдың 10 айында 27 жазатайым оқиға орын алып, оның ішінде топтық жазатайым жағдайлары – 7, жалпы 37 адам зардап шеккенін жеткізді. Оның ішінде: қайтыс болғандар – 6, ауыр жарақат алғандар – 22, жеңіл жарақат алғандар – 9. Тергеу материалдары іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданғанын айтты.Осы орайда, кеңес мүшелері басқарма басшысынан жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қандай іс-шараларды жүзеге асырып отырғанын сұрады?Бауыржан Ахметәліұлы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасымен бірлесе кәсіпорын ұжымдарына семинар-тренингтер өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін «Azala-Textile» ЖШС-і, «Фиркан» ЖШС-і, «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан кәсіпорындар, т.с.с. кәсіпорындарда және қаламыздағы мектептерде өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау туралы семинар-тренингтері өткізілген. Айта кетейік, бір «Тассай» индустриалдық аймағының өзінде 22 кәсіпорын өкілдері қатысқан. Қоғамдық кеңес мүшелері басқарма басшысының баяндамасына бірауыздан оң бағасын берді.
Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы