Шымкентте прокуратура қызметкерлерінің арасында спорт түрлерінен жарыс өтті

Халық даналығында «Тәні саудың – жаны сау» деп тегін айтылмаған. Салауатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты дамыту еліміздегі маңызды міндеттердің біріне айналды. Сол себепті бүгінгі күнді денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық және сергектіктің мерекесі десекте болады.

Қала прокуратурасының ұжымын спортқа баулу, олардың өзара қарым-қатынасы мен ауызбіршілігін нығайту, қала жастары және тұрғындары арасында спортты кеңінен насихаттау мақсатында спорт күні мерекесіне орай прокуратура органы қызметкерлерінің арасында шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, қашықтыққа жүгіру және шахмат спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарысқа Шымкент қаласы прокуратурасының барлық деңгейдегі қызметкерлері белсене қатысты.

Шағын футболдан 4 команда сайысқа түссе, үстел теннисінен 17, жүгіруден 21, жүзуден 15, шахматтан 10 қызметкер өз бақтарын сынады.

Жарыс қорытындысымен келесі жеңімпаздар анықталды:

Жүгіру-100 метр бойынша:

-3-ші орынды 5-басқарманың прокуроры Е.Қ.Бегалиев;

-2-ші орынды Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Д.З.Әбдібай;

-1-ші орынды қала прокурорының көмекшісі Д.Рахымбек иемденді.

Ерлер арасында өткен 1000 метр қашықтыққа жүгіру бойынша:

-3-ші орынды 3-басқарма аға прокуроры Қ.Ш.Бейсенбаев;

-2-ші орынды Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Ә.Т.Серік;

-1-ші орынды 6-басқарма аға прокуроры Д.Д.Бекембаев жеңіп алды.

Әйелдер арасында өткен 1000 метр қашықтыққа жүгіру бойынша:

-3-ші орынды Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Ж.А.Бейсенбаева;

-2-ші орынды Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Ж.С.Атыкаева;

-1-ші орынды қала прокурорының аға көмекшісі С.А.Кенжебаева жеңіп алды.

Жүзу жарысы бойынша:

-3-ші орынды Әл-Фараби ауданы прокуратурасының аға прокуроры Н.Ы.Мұсаев;

-2-ші орынды Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау тобының прокуроры А.А.Алтаев;

-1-ші орынды 1-басқарма прокуроры Б.М.Нұрыллаев жеңіп алды.

Үстел теннисі бойынша:

-3-ші орынды қала прокурорының көмекшісі Б.С.Оспанов;

-2-ші орынды Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Д.Б.Тағаев;

-1-ші орынды Аппарат басшысы Н.К.Төребаев жеңіп алды.

Шахмат ойыны бойынша:

-3-ші орынды қала прокурорының аға көмекшісі А.М.Мамытхан;

-2-ші орынды Әл-Фараби ауданы прокуратурасының аға прокуроры Н.Ы.Мұсаев;

-1-ші орынды қала прокурорының көмекшісі Е.Б.Құттыбаев жеңіп алды.

Шағын футбол жарысы бойынша:

-3-ші орынды Абай және Әл-Фараби ауданы прокуратуралары қызметкерлерінен құрылған құрама командасы;

-2-ші орынды Еңбекші және Тұран ауданы прокуратуралары қызметкерлерінен құрылған құрама командасы;

1-ші орынды Шымкент қаласы прокуратурасының Аппараты қызметкерлерінен құрылған құрама командасы иемденді.

Сонымен қатар, шағын футболдан:

-«үздік қақпашы» номинациясы бойынша Әл-Фараби ауданы прокуратурасының аға прокуроры А.Т. Пошимов;

-«үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Тұран ауданы прокуратурасының бөлім бастығы С.Б.Сапарымбетов;

-«үздік шабуылдаушы» номинациясы бойынша 6-басқарма аға прокуроры А.А.Нұрлыбаев;

-«үздік ойыншы» номинациясы бойынша 1-басқарма прокуроры О.Қ.Әбдрәсіл марапатталды.