Осы күндері дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда ғана екпе салуда. Ал мекемелерде профилактикалық жұмыстар жүргізуге қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.Қалада алғашқылардың қатарында С.Адамбеков пен А.Жангелдин мектебінің 5 оқушысы және Арыс қаласының 1 тұрғыны «Pfizer» вакцинасын салдырды. Айта кетейік, бұған дейін Арыс қаласына «Pfizer» вакцинасының 180 данадан тұратын алғашқы партиясы жеткізілген болатын. АҚШ-та жасалған «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакциналау – баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі