2021 жылдың 23-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі . Ол өз арызында, «OLX» интернет желісі арқылы 45.000 дана кірпішке тапсырыс берген. Содан алдын-ала төлем ретінде 500.000 теңге ақшаны банк арқылы аударғанын жазып көрсеткен. Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.