04.12.2021 жылы сағат 16:30 шамасында Қазығұрт АПБ-нің патрульдік полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде «ВАЗ-21214» маркалы автокөлігін жасы кәмелетке толмаған жүргізуші басқарып келе жатқанын байқайды. Тоқтатып, мәнжайды анықтамақшы болғанда автокөлік бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамастан, қарсы бағыттағы көліктерді басып озып, оқиға орнынан бой тасалаған.Жол ережесін бұзған автокөлікке полицейлер «автокөлікті тоқтат» деген ескерту берген. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашып, автокөлікті қатты жылдамдықпен басқарған күйде темір қоршауға соқтығысып, жол көлік оқиғасы болған. Нәтижесінде автокөлікті басқарған жасы кәмелетке толмаған бала әр түрлі жеңіл дәрежелі дене жарақаттарымен Қазығұрт ауруханасына жеткізілді.Тәртіп сақшыларымен оқиға толыққанды тексерілу барысында баланың басқарған «ВАЗ-21214» маркалы автокөлігі Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің біріне тиесілі екені анықталды.Оны жасөспірімнің әкесі басқарып жүрген. Ол автокөлікті жұмыс орнындағы автотұраққа қойған. Алайда ұлы көлікті рұқсатсыз, заңсыз айдап кеткені белгілі болды. Бүгінгі таңда ҚР ҚК 200-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Автокөлік автотұраққа қойылды.
ТО ПД баспасөз қызметі