Түркістанда мемлекеттік нөмірдің орнына “бейәдеп сөз” жазып алған жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, күнделікті жұмыс атқаруда. Осындай кезекті жұмыс кезінде полицейлер, жол ережесін бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары С.Ерубаев көшесіндегі қалалық саябақтың жанында мемлекеттік нөмірінің орнына “бейәдеп сөз” орналастырған “Хундай” маркалы автокөлікті байқады. Содан тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел шаралар қабылдады. Нәтижесінде полицейлер мемлекеттік нөмірдің орнына “бейәдеп сөз” орнатқан “Хундай Акцент” автокөлігі жүргізушісінің жеке басын анықтады. Аталған Түркістан қаласының тұрғынына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Түркістан қаласының полицейлері азаматтарға жолдарда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға кеңес береді.