Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам. Оқушылармен ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып, табиғи дарындылығына ықпал ету. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Блум таксономиясы». Бұл тәсіл оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды. Блум таксономиясы арқылы оқушыларға тапсырмалар берілгенде олардың ізденушілік қабілеттері артып, терең ойлай отырып, функциональдық қабілеттіктері артады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Блумның білім берудегі маңызды үлесі ойлау әрекеттерінің деңгейлерін ұсыну, яғни фактілерді қарапайым жаңғыртудан талдау және бағалау, яғни күрделі деңгейіне жеткізу болып табылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады.
Қазіргі кезде білім беру саласында оқушылар үшін терең білімнің де, соған сәйкес тәжірибелік дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі туралы тұжырым қалыптасты. Заманауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде орынды қолдана білуіне басты назар аударуы ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мән-маңызына барынша сәйкес келеді.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқыту теориясының тиімділігін оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудырады. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқыту теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу. Бұл жерде сөз болып отырған оқушылардың креативтілігі мен шығармашылық дарындылығын қалыптастыруда американдық психолог, оқыту әдістерін зерделеген Блум Бенджаминнің «Білім беру мақсаттары таксономиясы» атты еңбегінің маңызы өте зор. Блум таксономиясы негізінен «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен тақырыптас, өзектес бір мақсат мүддеге бағытталады. «Блум таксономиясы деген не?» — деген сұраққа жауап іздер болсақ – «Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылымнан тұрады: шыңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу, күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту. Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым». Блум бойынша оқыту – бұл процесс және оқытушылар оқушылардың қойылған мақсатқа жетуге ықпал ететін сабақ пен тапсырмаларды дайындау әрекеті деп есептелінеді. Б.Блумның білім берудегі маңызды үлесі ойлау әрекеттерінің деңгейлерін ұсыну, яғни фактілерді қарапайым жаңғыртудан талдау және бағалау, яғни күрделі деңгейіне жеткізу болып табылады.
Б.Блум біздің ойлауымызды күрделілікке қарай алты деңгейге бөлуге болады деп ұсынды: төменгі деңгейдегі қарапайым қайта жаңғыртудан жоғары деңгейдегі бағалауға дейін. Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі жатады: Блум таксономиясын оқу процесінде қолдану үшін жоспарланған дидактикалық мақсаттар нақты айқындалу керек. Сабақта күтілетін нәтижелер оқушы әрекеттеріне негізделеді. Блум таксономиясының өнімді (жоғары) деңгейі «бағалау» барлық деңгейлерді қамтиды. Әдетте мұғалімдер оқушылар білімін тексеру үшін сұрақтар қояды. Сұрақтардың үнемі білу, түсіну деңгейінен аспай қалуы оқушылардың шынайы қызығушылық сезімдерін, оқушылардың сыни ойлауына ықпал ете алмайды. Сондықтан оқушыларға берілетін сұрақтар алдын-ала нақты тапсырмалар арқылы дайындалған жөн. Блум таксономиясы бойынша тапсырма дайындауда келесі мәселелер ескерілуі тиіс: тапсырмалар нақтылы қамтамассыз етілуі үшін қысқа болуы; тапсырма мазмұнында дұрыс етістіктердің қолданылуы;күтілетін нәтижелердің бағалауға икемді болуы; Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлға қажеттері қалыптасатыны анықталып тұр, белгілері мынадай: Тәрбиеге ұмтылушылық – жаңа проблемаларға икемді мәселені шешуге бейімділік;
Талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу; Ой ұшқырлығы – тез арада кенеттен шешім шығару тәсілдерін алу қабілеттілігі;
Алдеков Серікқазы Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің математика пәні мұғалімі