8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшылығы ұжымда қызмет атқаратын әлемнің бар асылына тең нәзік жандыларды құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.
Тарихқа көз жүгіртсек, елі мен жері үшін жанын қиған талай батыр қыздардың ерлігі ұрпаққа аңыз. Сондықтан жаны нәзік болғанмен, қыз-келіншектердің алар асуы биікте. Соның ішінде бейбіт заманның батыр қыздары деп, ер азаматтармен бірге иық тіресе, елге қызмет етіп жүрген шенді аруларды ерекше атап өтуге болады.
Салтанатты шара аясында полицей аруларды марапаттау рәсімінен бөлек, ішкі істер органында қызмет атқару барысында қаза болған Нариман Абдрахмановтың жұбайының жұмыс орнына барып, мерекесімен құттықтап, гүл шоқтары мен бағалы сыйлық табысталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі