«Shymkent BUS» ЖШС-інде Көлік қызметкерлері күні, Конституция күні, компанияның құрылғанына 2 жыл толуына орай «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «Shymkent BUS» ЖШС-і бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шара барысында кәсіподақ мүшелеріне (жүргізушілер, жұмысшылар) санаторийге жолдамалар, Алғыс хат пен Құрмет грамоталары және қаржылай сыйлықтар табысталды. Марапаттарды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және бастауыш кәсіподақ төрайымы Қарлығаш Қолдасбекова, мекеме директоры Азат Қайыпбеков табыстады. Жиында Бауыржан Ілімшеұлы ҚР Президентінің Жолдауда айтқан еңбек адамдары үшін өте маңызды бастамаларын, соның ішінде ең төменгі жалақы 42,500 теңгеден 60000 теңгеге көтерілуі Кәсіподақтар федерациясының әр түрлі алаңдарда қазақстандық жұмысшылардың жалақысын дәйекті түрде жоғарылату, оның ішінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін шешуге бастама көтергенін арқасында жеткен жетістік екенін жеткізді. Ел Президентінің Еңбек адамын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ынталандырудың маңызды шараларына бастамашы болғаны компания жұмысшыларын да қуантты.Сондай-ақ, жиында Президент Жолдауына байланысты ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының Үндеуі насихатталып, Кәсіподақтар федерациясының стратегиялық мақсаты – ең төменгі жалақыны халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейге дейін кезең-кезеңмен жоғарылатуға ұмтылатыны айтылды.Сонымен қатар, Бауыржан Ілімшеұлы бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Қарлығаш Қолдасбекова компания жұмысшылары атынан Елордада өтетін «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес саласы қызметкерлерінің кәсіподағының съезіне делегат болып шақырылғанын мәлім етті.Айта кетейік, компания құрылғанына биыл 2 жыл толып отыр. «Shymkent Bus» ЖШС-і «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес саласы қызметкерлерінің кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамында. Бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылғанына 1,5 жыл толды. Бүгінгі таңда «Shymkent Bus» ЖШС-інде 1000-нан астам жұмысшы жұмыс жасайды, оның 700-і кәсіподақ мүшесі. Миллионнан астам халқы бар Үшінші мегаполистің қоғамдық көліктерінің 40 пайызы осы компанияға тиесілі.Салтанатты шара барысында ҚР Кәсіподақтар Федерациясы құрамындағы «Манкент» шипажайына 21 жұмыскерге 100 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар берілді. Сондай-ақ, 25 жұмыскерге Құрмет грамотасы мен қаржылайы сыйақы берілді.Ата-анасы өмірден озған 4 жұмысшыға 50 мың теңге, жаңа отбасы құрған 2 жұмысшыға 50 мың теңге, 1 мерейтой иесіне 50 мың теңге бастауыш кәсіподақ қаржысы есебінен материалдық көмек берілді. Ал мұндай шаралар, тұрақты түрде жалғасып келеді.
Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы