Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары А.Бейсембаев пен жеке құрамы, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев қатысты. Кездесуде жемқорлыққа қарсы алдын алу іс-шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен түрлі салалар бойынша қолға алынған жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілгендігінен хабардар етті.Өз кезегінде, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев мекеме тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жайынан хабардар етті. Сонымен қатар, парасаттылық идеологиясын қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы табыстың басты факторы екендігі қатысушылардың назарына жеткізілді. Шара қорытындысымен сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты жайында ақпарат беріліп, жемқорлық фактілері туралы 1424 Call-орталығына хабарлау қажеттігі айтылды.
Шымкент қ.ТЖД Кадр саясаты басқармасы