Ана мен бала тағдыры біздің назарымызда

Бүгінгі таңда  отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді.»Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқарады», — деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында.

2022 жылғы 17 қарашада Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде жұбайы әйелімен сөзге келіп, жанжалдасып қалып, отбасылық жанжалдың садарынан әйелі мен 3 баласын үйінен шығарып жіберген. Күйеуінен зәбір көрген 35 жастағы азаматша не істерін білмей полициядан көмек сұраған.

Нәтижесінде Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері полиция капитаны Ж.Таскулова мен полиция лейтенанты А.Төребай №38 УПП-нің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп ерлі-зайыптылармен профилактикалық әңгіме жүргізді. 38 жастағы ер азаматтың үстінен қорғау нұсқама толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматшаға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында оны және бала-шағасын уақытша пана ретінде «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырды.

Ана мен бала тағдыры біздің назарымыздан тыс қалмайды. Себебі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның басты міндеті.

 Зорлық-зомбылық дерегі туралы шұғыл түрде Полиция департаментінің «102» телефон нөміріне хабарласыңыз немесе жазбаша арызбен жүгініңіз.