2021 жылғы 16 ақпанда Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері букмекерлік кеңсенің заңсыз қызмет ету фактісін анықтады.
Ақтау қаласының 9 шағын ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан «Inbet» кеңсесінен полицейлер 9 компьютерді тәркіледі.
Жиналған материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев азаматтарды кәсіпкерлік қызметін заңды деңгейде жүзеге асыруға және ҚР заңнамасының бұзылуына жол бермеуге шақырады.