Жер алып беремін алаяқтық жасаған

Алаяқтық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес – бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Алаяқтықтың қылмыс екенін жұрттың бәрі біледі, бірақ, бұл қылмыспен күрестің көкейкестілігін әркім түсіне бермейді. Сондықтан, қоғам дамуының қазіргі жағдайында бұл қылмысты тереңірек зерттеу қажет. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жан-жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. Түркістан полицейлері алаяқтық жасаған жұмыссыз әйелді қамауға алды. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өзіне таныс әйел 10 соттықтан 2 жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткен. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 1 600 000 теңге ақшасын алған. Алайда бүгінгі күнге дейін не жер алып бермеген не ақшасын қайтармаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті орта жастағы әйел тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті осындай жалған уәделер айтып, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы 2 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мемлекетіміздің қолданылып жүрген қылмыстық заңында меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылыққа  тиісті баға берілген, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6 тарауында мемлекеттік және жеке меншікке қарсы қастандық қылмыстары үшін жауапкершілік тағайындалған. Олардың ішінде, меншікке қарсы қылмыстық қастандықтың кең таралған түрлерінің бірі ретінде, алаяқтық ерекше орын алады.

Алаяқтық – бұл қылмыскерге заңсыз пайда табуға немесе жәбірленушіге құқығынан бас тартуға бағытталған қасақана алдау әрекеті. Алаяқтықтың түрлеріне салықтық алаяқтық, несиелік карта бойынша алаяқтық, банктік алаяқтық, бағалы қағаздар бойынша алаяқтық және банкроттық бойынша алаяқтық жатады. Алаяқтық әрекетті бір жеке тұлға, бірнеше жеке тұлға немесе тұтасымен іскери фирма жүзеге асыра алады.