Студенттерге мемлекеттік бағдарлама жайында ақпарат берілді

мемлекеттік

Халықты жұмыспен қамту еліміздің әлеуметтік саясатында әрдайым маңызды орын алады. Халықты жұмыспен қамту – бұл жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткен­дей, қазіргі жағдайда халықтың жұмыс­пен қамтылуы мен табысын сақтау абсолютті басымдық болуға тиіс. Ал халық­ты жұмыспен қамту – «Еңбек» мемле­кеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеті.

Шымкентте жастарды қолдау мен жұмыспен қамту мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асу үстінде. Сондай шаралардың бірі — Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүргізіліп жатқан — «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.

Кезекті жоба аясында қолға алынған ақпараттық түсіндірме жұмыстары Ж.Тәшенов атындағы университетің бітіруші түлектеріне арналды. Онда Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары жастармен арнайы кездесіп, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде түсіндірді. Кездесуге Жастар ресурстық орталығы Аутрич және NEET жұмыс бөлімінің инспектр маманы А,Нұрболұлы, Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының Өңіраралық жұмыспен қамту бөлімі маманы А.Шаукенбаева және Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімі басшысы С.Журимбаева және маманы Н.Сарикбаева қатысты.

Мансап орталығы мамандарының қатысуымен өткен шарада, жастарға арналған бос жұмыс орны, мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалар,кәсіпкерлік және өзге өңірлерге қоныс аудару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және жастарға қатысты бағдарламалар жөнінде ақпараттармен таныстыру мақсатында өткен түсіндірме жұмыстарында мамандар «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», кәсіптік оқыту, шағын несие мен жұмыспен қамту бағдарламалары жөнінде ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты.

Сондай- ақ білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар практикасы ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты – алғашқы тәжірибе жинақтауға көмектесу.

Сондықтан 35 жасқа дейін бұрынғы немесе жаңа мамандық бойынша тәжірибе болмаса, жастар практикасы бағдарлмасына қатысуға болады. Жастар практикасының мерзімі – 12 ай. Еңбекақысы мемлекет тарапынан төленіп отырады. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша аудандық мансап орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелу керек.