Қандастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Қандастарды жұмыспен қамтуда қолдау көрсетіледі

Халықты жұмыспен қамту еліміздің әлеуметтік саясатында әрдайым маңызды орын алады. Елге келген қандастардың жұмыспен қамтылу деңгейі, еңбек нарығына қатысуы – көші-қон саласының маңызды мәселелерінің бірі.

Тәуелсіздік алғалы бері бағамдасақ, елімізге 1 миллионнан астам қандасымыз оралған. Олар атамекенде ұрпақ өрбітіп, кәсіп игеріп, мемлекетіміздің өркен жаюы­на үлесін қосуда. Президент атаме­кенді аңсап келген ағайындар мәселесін Үкімет­ке, Президент Әкімшілі­гіне шешуді жүк­теп, қосымша іс-шаралар қабылдау туралы нақты тапсырма беруде. Нәтижесінде, қоныс аударған қандастардың басым бөлігі бүгінде құрылыс саласында, сауда-саттық­пен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысады.

Шымкент қаласында қандас­тар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызмет­тер көрсететін «Қандастарды бейімдеу жә­не ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді. Бүгінде бейімдеу қызметін  келген отбасылар алуда. Тарихи отанына оралған қандастарымызға «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де қолдау көрсету мақсатында барлық жағдай жасалған.

Тұран ауданы мансап орталығының мамандары «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» мекемесінде болып, атамекеніне қоныстанған қандастармен кездесті. Кездесу барысында мамандар қандастарға жұмыспен қамту, қайтарымсыз грант, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жөнінде ақпарат берді.

Тұран ауданында 2023 жылы 539 адамға қысқа мерзімді оқуға жолдама беріп, оның 348-і оқуын аяқтап, өздері білім алған кәсіпорындарда тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 88 адам түрлі себептермен оқудан шығарылған. Мамандар оқуға жолданғаннан кейін бекітілген кесте бойынша сабақтарды қалдырмауға кеңес берді.

Биыл ауданда 750 адамды «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша оқыту кәсіпкерлік негіздерге білім беру көзделіп отыр. Кездесуде қандастар мамандарға кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік оқыту, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сұрақтарын қойып, толықтай жауап алды. Азаматтарға ақпараттық парақтар таратылып, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай- ақ қандастарды жұмыс­пен қамту мәселесі назарға алынып, Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мо­биль­ділігі» орталығы арыз-шағымға сай жұмыс іс­тейді.