Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің тапсырмасына сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Раева Аянай Мұхитқызы жастармен онлайн форматта кездесу өткізді. КездесугеШымкент қаласының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің (саясаттану, философия, тарих, заң мамандықтары бойынша) түлектері мен 3-4 курс студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің қатарына талантты, жауапты, қабілетті, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту, оларға мемлекеттік қызметті насихаттау, мемлекеттік қызметке орналасу ережелерін түсіндіру, оларға кәсіптік бағдар беру, «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» іріктеу кезеңіне қатысуға шақыру.Іс-шара барысында университеттің түлектері мен студенттер сұрақтар қойып, мемлекеттік органдардың жұмыс барысы, мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік органдар өткізетін бос лауазымдарға арналған конкурстар,кәсіптік бағдарлау, «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы туралы толық ақпараттар алды.Мемлекеттік қызмет мектебіне іріктеуге қатысу үшін ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін Шымкент қаласының ЖОО түлектері мен студенттері арасында «Мен мемлекеттік қызметші болғым келеді» атты тақырыпта эссе өткізіледі. Іріктеуден өткен 50-ге жуық жастар ҚР Президенті жанындағы басқару Академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының білікті оқытушылары мен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен дәріс алатын болады. Шымкент қаласының мемлекеттік органдарынан тағылымдамадан және кәсіби практикалардан өтулеріне мүмкіндіктер болады. Нәтижесі бойынша түлектерге «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің» сертификаты беріледі.
ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті