«Менің арманымдағы, Қазақстан» жас суретшілердің облыстық байқауының аудандық кезеңі

жас суретшілердің

Биылғы оқу жылында Оқу-өндірістік комбинаты базасында «Менің арманымдағы, Қазақстан» жас суретшілердің облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Бұл байқау жас таланттарды қолдау, балалар мен жасөспірімдерді олардың даралығын, бастамашылығын ашу үшін ынталандыру, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында өткізілді.

Байқау аудандық жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жас аралығындағы білім алушылары арасында өткен болатын. Нақты айтқанда, 10-13 және 14-17 жас санаттары бойынша қатысушылар қатысты.

Осы орайда, кіші жас ерекшелігі бойынша №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 «В» сынып оқушысы Ким Алина Владимировна, ал үлкен жас санатынан №29 К.Тленшин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Мұсабек Назгүл Рашидқызы шығармашылық жұмыстарда шеберліктерін көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Облыстық кезеңнің қорытындысымен қос қызымыз үздіктердің қатарынан табыла білді. Оқушыларымыз Н.Мұсабек І дәрежелі дипломды қанжығасына байласа, А.Ким ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Қылқалам шеберлерін жүлделі орындарымен құттықтай отырып, осындай жетістіктерге жетелеген жетекшілеріне алғыс білдіреміз! Жас суретшілеріміз өнерлерімен кеңінен таныла берсін! Алар асулары алда болсын!