Қылқалам және қолөнер шеберлерінің байқауы өтті

ҚЫЛҚАЛАМ ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Наурыз мерекесі қарсаңында Сайрам ауданында Қ. Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Шаңырақ күніне арналған қылқалам және қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың 35 қылқаламгері, яғни жас суретшілері мен 15 қолөнер шеберлері қатысты.

Ұлттық нақышты насихаттайтын сайыс нәтижесінде бас жүлде — Гүлнұр Каримжановаға, 1 орын — Қарлығаш Тұңғышбекке, 2 орын — Нұрсейт Бауыржанға, 2 орын — Аяла Мейрамбайға, 3 орын — Алсу Әбуге, 3 орын — Ақниет Орынбекке, ал қолөнершілер бойынша кіші топтан бас жүлде — Алтынай Атымтаеваға, 1 орын — Назерке Сағымбекке, 2 орын — Інжу Мәденге, 2 орын — Аруна Алтынбекке, 3 орын — Билолбек Сайдназаровқа, 3 орын — Жания Файзуллаға, Ересектер тобынан 1 орын — Жанасыл Шоқанұлына, 2 орын — Джуманова Саида, 3 орын — Бақытгүл Жұманова ға бұйырды.

Барлық қатысушы үміткерлер арнайы диплом және сый-сияпаттармен марапатталды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі