Нұрғиса Тұрабеков халықаралық турнирде чемпион атанды

Нұрғиса Тұрабеков

Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануы маңызды мәселе. Бүгінгі таңда түрлі спортпен айналысып ауданымыздың атағын шығарып, жастардың бойында патриоттық сезімді оятатып жүрген жастарымыз көбейіп келеді. Солардың бірі Сайрам ауданының  «Ақсу Жекпе-жек спорт клубының» түлегі Нұрғиса Тұрабеков бокстан ересектер арасында өткен халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

2024 жылдың 20-24 қыркүйек күндері аралығында, Ақтау қаласында, Қазақ боксының беткеұстары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасында дәстүрлі XVI халықаралық турнир өтті.

Аталған турнирде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Кувейт, Молдова, Грузия, Камбоджа, Польша, Иемен мемлекеттерінен және Қазақстан республикасының облыстары мен қалаларынан жалпы 150-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақтарын сынады.

Тартысты өткен жекпе-жектің нәтижесінде Ақсу жекпе-жек спорт клубының түлегі Нұрғиса Тұрабеков 48 келі салмақ дәрежесінде турнирдің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Нұрғисаны бокс өнеріне алғашқы бапкерлері Рашид Лапаев және Еркін Оразалиев баулыған болатын.