Түркістан облысында лимон өнімдерін жинау қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі — Ордабасы ауданындағы «Елнұр-Айдар» шаруа қожалығы. Кооператив иесі Бақытжан Отанбаев 2017 жылдан бері жылыжайда лимон өсірумен айналысып келеді. Бүгінде шаруа қожалық өзіне тиесілі жер телімінен 40 тоннадан астам лимон өнім алды.
Аталған шаруа қожалық 2017 жылы 5 гектар жер телімінің 4 гектарына — алма, 0,5 гектарына — лимон, ал қалған алқапқа құлпынай егуден бастаған. Жылыжайға 707 дана лимон көшеті, 6 мың түп қызыл алманың көшеттері егілген. Шаруа қожалықта өнім жинау науқаны кезінде 6 адам жұмыспен қамтылады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі