Алматы, 9 ақпан — Бағдарламаның төртінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.
«Qolda 4.0» байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр.
Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:
- Экономикалық бағыттағы жобалар;
- Экологиялық бағыттағы жобалар;
- Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Оңтүстік Қазақстан).
Толығырақ ақпаратты байқаудың https://qolda.org сайтынан табуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады.
Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электронды мекенжайларға жіберуіңізді өтінеміз: aliya@ef-ca.org, aizhan@ef-ca.org. Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдарды жобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырамыз https://t.me/Qolda_project
Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия Қоры және «Шеврон» компаниясы «Qolda» жедел көмек бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама мақсаты – халыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу.
2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін «Qolda» Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларын қолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамға жетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға ие отбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар, толық емес не көп балалы отбасысы бар бұрын сотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.
Жания Хаирова