Қала базарларында жастарға мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

бағдарламалар

Шымкентте халықты мемлекеттік қолдау жобасы жайында құлағдар ету үшін ақпараттық керуен шағынаудандарды аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізді.

Арнайы топтың құрамында қалалық Әл-Фараби ауданы мансап орталықтарының өкілдері бар. Бүгін мамандар Қырғы базар мен Төле би даңғылы және Орталық мешіт маңында болып, тұрғындарға жоба жайында мәлімет берді.

Қазір елімізде еңбек ұтқырлығын арттыру үшін тұжырымдама шеңберінде оңтүстік халқын ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныстандыру саясаты жүзеге асып жатыр. Мамандар тұрғындарға бағдарлама мен мемлекеттен берілетін көмек жайында мәлімет берді.

Биыл Әл-Фараби ауданында аталған жоба бойынша бойынша 63 отбасыдан 250 адам Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыру жоспарланып отыр. Ал жастар практикасымен 711 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жастар практикасы жобасымен диплом алатын жастарды жұмысқа тарту бойынша түсіндіру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Енді оқу орнын тәмамдаған жас түлек үшін бұл бағдарламаның маңызы орасан.

Сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері “Айна” базарында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты — жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және NEET санатындағы жастардың санын азайту.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: “Жастар практикасы”, “Алғашқы бос жұмыс орны” мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы бағдарламалар насихатталды.

Арнайы топ өкілдері жастар қауымына жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы жайында түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты.