Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастар аясында бұл-бір адамның басқаларға қатысты дене зардабын және психологиялық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекет болып табылады. Отбасы тұрмыстық қатынастарға негізінен – ерлі-зайыптылар, жеке тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар, ортақ баласы бар адамдар арасында орын алатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жатады. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Бұндай қылмыстардың басты себептеріне: маскүнемдік, жұмыссыздық, тұрмыстық жағдайдың ауырлығы сияқты әлеуметтік жағдайлар жатады. Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі орын алады. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылығы үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының Қылмысық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының 73 бабына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатарына былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде, немесе өзге тұрғынжайда жасалатын басқа да әрекеттер жатады. Осы орайда, ағымдағы жылдан бастап Орал қаласы Полиция басқармасында жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы құрылды. Аталған топ инспекторлары отбасындағы әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жұмыстар атқарып келеді. Инспекторлар орын алған құқықбұзушылықты анықтап, зорлық-зомбылықтың әр түріне тап болып зардап шеккен және өмірдің қиын жағдайында қалған тұлғаларға қабылдау жүргізіп, оларға консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша Орал қаласындағы «Дағдарыс» орталығымен бірлесіп іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
БҚО Полиция департаменті