Арыстық тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде қарқынды қызмет етуде

Арыс ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, блок бекеттер орнатылып, полицейлер қызмет етуде. Блок бекетте автокөліктердің құжаттары, суық қару мен заңсыз иеленуі мүмкін заттардың бар-жоғын тексерілуде. Ал коменданттық сағат енгізілгені бойынша, аудан аумағы осы сағаттарда тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында. Әрбір көлік пен жүрген жолаушылардың құжаттары тексеріліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. Полицейлердің тәулік бойы демалыссыз атқарылған жұмыс нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 1-бөлігі бойынша 33 құқық бұзушылық анықталды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша 1 тұрғын әкімшілік қамауға алынды.

ТО ПД баспасөз қызметі